«Аладоп.кз» танымал жаттықтырушы Асқар Қожабергеновпен хабарласып, Өзбекстан құрамасына қатысты жаңалықтар жайында пікірін сұраған еді.
Асқар Сейдахметұлы өзбек футболшыларын жаттықтыруы мүмкін италиялық маман Фабио Каннаваро туралы пікірімен бөлісіп, ондағы команданы ӘЧ-ге алып шыққан Тимур Кападзеге де тоқталды.
«Өзбекстан Әлем чемпионатына шыққан соң әрине, қазір кез-келген бапкер келеді. Себебі, өзіне үлкен назар аударады. Үлкен бапкерлердің біразы ойланбастан келетін еді. Бірақ, команданы сол Әлем біріншілігіне шығарған кім?! Катанец пен Кападзе. Сол екеуін қалдыру керек еді. Ал Каннавароның қай еңбегі есіңізде? Италияда бір команданы тізгіндеді, бірақ онда көпке созылған жоқ. Одан кейін Қытайға кетті... Кападзенің Өзбекстан президентімен сөйлескенін көрдік. Кападзе жүрегімен, тегімен өзбек! Фамилиясы басқа болса да, түп-тұқиянымен нағыз өзбек қой ол. Маған салса «Кападзеге тиіспеңдерші, қалдырыңдаршы» дейтін едім. Бірақ мені кім тыңдайды?», - деді А. Қожабергенов.
Кеше ӨФК-ның Фабио Каннаваромен келіссөздер жүргізіп жатқаны мәлім болды. Айта кетейік, Өзбекстан келесі жылы Әлем біріншілігінде бақ сынайды. Мундиаль алдында футбол басшылығын құрама бапкерін ауыстыруды ұйғарған ұқсайды.
Біздің серіктес: FONBET