Қазақстандық танымал маман Асқар Қожабергенов «Аладоп.кз» сайтына ұлттық құрама команда жайлы ойын айтып, ӘЧ іріктеуіндегі мүмкіндіктерін бағалады.
Қазақстан құрамасы бүгін Лихтенштейнді қабылдайды. Бұл матч бүгін 19:00-де басталады.
«Барлығының есінде шығар Солтүстік Македониямен өте жақсы ойнадық. Қазақстан кәдімгідей шабуылдады, гол салатын мүмкіндіктері де көп болған еді. Біз осыған дейінгі барлық іріктеулерде тек аутсайдерлерді жеңіп қоймай, осындай ортаңқол құрамалардан ұпай алып келдік қой. Енді арғы жағында тек Бельгия қалады, онда түсінікті мүмкіндік бола қоймас. Лихтенштейннен басқа ұпай алуға болатын қарсылас тек осы Солтүстік Македония. Кім біледі, жаңа бапкер келіп ойыншыларға жаңа импульс берер... Сондай бір үміт бар. Бірақ, бәрібір қиын болады сырт алаңда. Солтүстік Македонияның құрамы мықты, сол үшін бапкерлік құрам Лихтенштейнге қарсы мықты футболшыларды демалтатын шығар. Сондай бір ротация қажет», - деді А. Қожабергенов.
Қазақстан ӘЧ-2026 іріктеуінде J тобында 3 ұпаймен соңғы орындардың біріне жайғасқан. Талғат Байсуфинов жаттықтыратын ұлттық команда қазанның 13-де Солтүстік Македонияға қарсы тұрады.
Біздің серіктес: FONBET