Жарнама
Жарнама

Асқар Қожабергенов: «КуПС» қорғанысқа өте көп көңіл бөлетін команда екен

22.07.2025, 15:19

Отандық бапкер Асқар Қожабергенов «Аладоп.кз» сайтына «Қайраттың» Чемпиондар Лигасының 2-іріктеу кезеңіндегі бірінші кездесуіне қатысты пікірін айтты.

"КуПС" - "Қайрат" кездесуінің қарсаңындағы жаттығу
Жарнама
Жарнама

Бүгін ҚПЛ чемпионы сырт алаңда финляндиялық «КуПС» командасымен жолығады. Жауапты матч 29-шілдеге жоспарланған.

- Асқар Сейдахметұлы, «Қайраттың» бүгінгі кездесуде қандай тактика ұстанғаны дұрысырақ? Жалпы, Финляндиядағы ойыннан не күтесіз?   

«Финляндия чемпионының деңгейі «Олимпиядан» жоғары емес. Бірақ, бәрібір «Қайратқа» оңай болмайды. Жеке өз басым қиын ойын күтудемін. Соңғы ойындарына қарасам, «КуПС» қорғанысқа өте көп көңіл бөлетін команда екен. Көп гол жібермейді. Алматылықтарға шамамен Словения чемпионы «Олимпиямен» ойнағандай тактиканы ұстану керек деп есептеймін. Көп ашыла бермей, қорғаныста сауатты қимылдаса... Одан кейін қарсыласына бос кеңестік бермегені жөн. Біздің командада жылдам шабуылшылар бар - Дастан Сәтпаев, Жоржиньо. Бұл қарымта шабуылға жылдам шығып кете алатын футболшылар, ал оларды паспен қамтамасыз ететін орта жақтағы ойыншылар да жеткілікті, сол Громыко, Зария бар. Сондықтан, меніңше қатты ашылмай ойнаған дұрыс. Біз ол жақтан тең нәтиже алып қайтсақ, соның өзі бір табыс. Өйткені, Финляндия командасына алыс жолдан кейін Алматыда ойнау біраз қиын болады. Сол кезде «Қайрат» бар мәселені өз алаңында шеше алады. Ең бастысы, тиімді нәтиже алып келсе болғаны. Меніңше, «Қайраттың» осы кезеңді өтетін үлкен мүмкіндігі бар.

«Қайрат» үшінші кезеңге шықса «Слован» Братислава – «Зриньски» жұбының жеңімпазымен жолығады. Ал ұтылса Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде бақ сынамақ.       

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров