«Аладоп.кз» білікті бапкер Асқар Қожабергеновпен сұқбаттасып, ұлттық команда бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы Талғат Байсуфиновтың жұмысы жайлы пікірін білген болатын.
- Талғат Байсуфиновпен ары қарай да жұмыс істей берген дұрыс бола ма?
-Лихтенштейнмен кез-келген бапкер жеңіске жете алады. Ал Солтүстік Македония Еуропадағы ортаңқол деңгейдегі, мықты командалардың бірі. Өткенде құрамын қарап отырсам, алдында біздің жастар құрамасы солармен ойнаған еді. Сондағы футболшылардың жартысынан көбі негізгі құрамаға өткен екен. Өте мықты команда бұл. Басты нәтие – Македонияға қарсы ойын болатын. Талғат Байсуфинов өзін көрсете алды. Ал енді не үшін біз шетелден бапкер іздейміз? Жарайды, Әлем чемпионатында ойнайтын болсақ екен, Каннаваро сияқты танымал маманды шақыруға болатын еді. Ондай жоқ қой, сол үшін өз бапкерімізге сенім артқан жөн. Талғат Байсуфиновты қалдыру керек - ол мотиватор! Екіншіден, Байсуфинов өте білікті бапкер.
Айта кетейік, Талғат Байсуфиновтың жаттықтыруымен құрама екі ойында төрт ұпай жинады. Қарашада Қазақстан Бельгияны қабылдайды.
Біздің серіктес: FONBET