Жарнама
Жарнама

Асқар Қожабергенов: обьективті түрде алсақ, «Слован» «Қайраттан» мықтырақ...

30.07.2025, 14:07

«Аладоп.кз» белгілі бапкер Асқар Қожабергеновтен «Қайраттың» ЧЛ 2-іріктеу кезеңіндегі жауапты матчтағы ойыны мен келесі кезеңдегі мүмкіндіктері туралы пікірін білді.

Қайрат" - "КуПС" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Кеше алматылық команда финляндиялық «КуПС-ты» ұтып 3:0, қос ойын қортындысында үшінші кезеңге шықты «0:2, 3:0).    

- Асқар Сейдахметұлы, «Қайраттың» ойыны көңіліңізден шыққан шығар?

- Иә, әрине, әділетті жеңіс! Өйткені, сырт алаңдағы екі гол кездейсоқ кіріп еді. Бұл ойында «Қайрат» жылдам гол соғуы керек болған, соны алаң иелері орындай алды. Дастан Сәтпаевтың гол соққаны да символикалық болды. Соған қатты қуандық. «Қайрат» жеңіске лайық өнер көрсетті. Енді ары қарай «Слован» Братислава. Вайсс келеді... Өте қызық теке-тірес болайын деп тұр. Меніңше, дәл қазір бізге Владимир Вайсс секілді бапкерлер, Марин Томасов сияқты сапалы легонерлер керек. Өйткені, олар табыс тауып қана кетпейді, қазақ футболының дамуына сүбелі үлесін қосады. Елімізді әйгілеуге де атсалысады. Владимир Вайсстың қаншама сұқбатын оқысаңыз, Қазақстан, «Қайрат», Қайрат Боранбаев туралы тек қана жылы сөз айтады. Сондықтан, бізге осындай мамандар керек.

- Келесі кезеңдегі мүмкіндігіміз жайлы не айтасыз?

- Енді «Қайрат» «Слованнан» өте алмаса, оларды ешкім кінәламайды. Алматылық клуб өзінің жұмысын істеді, ары қарай кемінде Еурокубоктердің біреуінің топтық кезеңіне шығып тұр. Обьективті түрде алсақ, «Слован» «Қайраттан» мықтырақ. Бірақ, футболда бәрі болады. Бұл қарсыластан да өтіп кетеді деп үміттенеміз.

- Әңгімеңізге рахмет!

-Сіздерге де!      

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров