Танымал бапкер Асқар Қожабергенов «Аладоп.кз» сайтына сұқбат беріп, «Қайрат» - «Реал» кездесуін қортындылады.
Сондай-ақ, белгілі маман алматылық клубтың ЧЛ-дағы аяқ-алысына қатысты пікірін айтқан болатын.
«Ойсырай ұтылса да, бұл «Қайраттың» футболшылары үшін өте үлкен тәжірибе. Мұндай топ-клубтармен ойнамасақ, тәжірибе жинай алмаймыз. Меніңше, Мбаппе дәл қазір Әлемдегі ең мықты шабуылшы. Оны тұсап ұстау біздің футболшыларға әрине өте қиын болды. Өзінің дәрежесін, деңгейін кеше дәлелдеп, көрсетіп кетті. Қалай дегенде де, футболшыларымызды сөге бермеуіміз керек. Осы турда көріп жатырсыздар, «Қайраттан» да мықты командалар ойсырай ұтылып жатыр. «Айнтрахт» Франкфурт, «Аякс» сияқты клубтарды айтып отырмын. Қазір әрбір ойын бізге тәжірибе болады. Бізбен шамалас немесе деңгейі сәл жоғарылау деген «Пафос», «Копенгаген» және «Олимпиакоспен» ұпай ала аламыз деген сенімдемін», - деді А. Қожабергенов.
Енді «Қайрат» осы айдың ортасында кипрлік «Пафосты» қабылдайды.
Біздің серіктес: FONBET