Жарнама
Жарнама

Асқар Қожабергенов Ұлттар Лигасы жайлы: сырт алаңдағы екі ойыннан 4 ұпай алып келсек, мүмкіндіктеріміз артады

Бүгін, 17:50

Асқар Қожабергенов «Аладоп.кз» сайтына сұхбат беріп, Қазақстан құрамасының Ұлттар Лигасындағы мүмкіндіктеріне байланысты өз ойын айтып, болжамын берді.

Қазақстан - Словакия кездесуі
Жарнама
Жарнама

Танымал маманның пікірінше, ұлттық команда топтағы бірінші орын үшін Словакиямен таласпақ. Алайда, Қазақстан үшін топта бір ыңғайсыз жағдай бар.

«Бір жағынан қарағанда біздің топ жеңіл сияқты басқаларға қарағанда. Алайда, өзіндік қиындықтары да бар. Ең алдымен әрине, Словакияның құрамын атап өту керек. Өткен Ұлттар Лигасында Қазақстаннан екі алаңда да ұтылғанымен, Еуропа чемпионатына барып айды аспанға шығарып қайтты. Топтық кезеңде Бельгияны ұтып, плей-офқа шығып, Англияға үлкен қарсылық көрсетті. Словакияны соңғы екі ойында ұтқаны біздің командаға психологиялық тұрғыда бір жеңілдік беретін шығар. Ал енді Фарер аралдары мен Молдова – ұтуға болатын қарсыластар. Әйтсе де мұнда да біржақты емес, мысалы, Фарер аралдары соңғы 2-3 жылда жақсы нәтиже көрсетуде. Ойындарында кәдімгідей прогресс байқалады. Иә, олармен соңғы жолдастық кездесу есепке алынбайды, себебі – ол матч маусымның соңында болды әрі мықты футболшыларымыз қатысқан жоқ. Біздің топтағы фаворит – Қазақстан мен Словакия. Алайда, айта кететін бір жайт бар, біз бұл Ұлттар Лигасында алғашқы екі ойынды сырт алаңда өткіземіз. Фарермен ойнап, 3 күннен кейін Словакияға қарсы тұрамыз. Сөзсіз, бұл кездесулер қиындықтарын тигізеді, өте ұзақ сапар шегуге мәжбүр боламыз. Сырт алаңдағы осы екі ойыннан 4 ұпай алып келсек, топтағы мүмкіндіктеріміз арта түседі», - деді А. Қожабергенов.  

Қазақстан 2022-жылғы Ұлттар Лигасында өз тобын бірінші орынмен аяқтады. Ол кезде Словакиядан бөлек, Әзербайжан және Беларусь құрамалары болды. Биылғы қарсыластар Словакия, Молдова және Фарер аралдары құрамасы.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров