Отандық маман Асқар Қожабергенов "Аладоп.кз" сайтына сұқбат беріп, Андорраға жол берген жастар құрамасы мен оның бас бапкері Денис Мамонов туралы пікірін айтты.
Айта кетейік, U21 Қазақстан жастар командасы сырт алаңда Андоррадан 0:1-мен ұтылып қалған болатын. Бұл Еуро-2027 іріктеуінің аясындағы ойын болатын.
«Андоррадан 0:1 ұтылғанымыз ештеңе емес, қарсыласта бір голдан асырып салатын қаншама мүмкіндік болды?! Ойынды көрдім, есеп тіпті 3:0, 4:0 болатын еді... Осындай осал құрамадан ұтылсақ, біз сонда қайда барамыз? Мына жігіттер ертең негізгі командаға баратын үміткерлер емес пе? Мүлде ақылға сыймайды. Егер біздің жастар құрамасы Андоррадан ұтылса, жарайды кездейсоқ жеңілсе, түсінуге болатын шығар. Ал дәл осылайша жол беру деген... Айтып тұрмын ғой Андорраның 3-4 гол салатын мүмкіндігі болған», - деді А. Қожабергенов.
Біздің серіктес: FONBET