“Тобылдың” жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген ел біріншілігінің 23-турында “Астанаға” қарсы өткен (2:3) матчтағы алаңнан қуылған сәтін түсіндірді.
“Бұл жерде ашу немесе әдейі жасалған дөрекілік болған жоқ. Бар болғаны ойынға деген эмоция, чемпиондық жолындағы тартыстың қызған шағы еді. Қарсыласқа әдейі жарақат салуды ойлаған жоқпын. Дегенмен, командаға зиян келтіргенімді түсінемін. Жігіттерден кешірім сұрадым, олар мені қолдады. Алда маңызды кездесулер бар, соңына дейін күресеміз!” – деді Тағыберген “Серый Cardinal” телеграм арнасына берген сұхбатында.
Асхат ойынның 37-минутында Ұлттық құраманың бұрыңғы капитаны Иван Башичке қарсы ереже бұзғаны үшін тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған еді.
Біздің серіктес: FONBET