Қостанайлық "Тобылдың" капитаны Асхат Тағыберген алдағы маусымда да "Cары-Жасылдар" намысын қорғайды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Клуб басшылығы тәжірибелі жартылай қорғаушымен ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылдады.
Асхат Тағыберген өткен маусымда команданың табысты өнер көрсетуіне елеулі үлес қосты.
Қазақстан чемпионатында 23 кездесуге қатысып, 2 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.
Қазақстан Кубогында жеңіске жету жолында маңызды рөл атқарып, финалдық кезеңдерде командаластарына нәтижелі пастар шығарып берген болатын.
Ол Қостанай клубымен бірге биік белестерді бағындырып келеді.
– Қазақстан чемпионы
– Қазақстан Кубогы
– Қазақстан Суперкубогы
“Төр мен тұғыр сіздікі” – деп жазды клуб ресми түрде.
Біздің серіктес: FONBET