"Тобыл" Асхат Тағыбергенді қатарларына қосып, оған мүмкіндік бергеніне өкінуде.
Наушники Саяна телеграм арнасының мәліметінше Қостанайлықтар Асхаттың "Ордабасыдан” кеткеннен кейін өздерін емес, бұрынғы клубы "Астананың” мүддесін жоғары қоятынын білмепті.
Дереккөздің баяндауынша Тағыберген "Ордабасыдан” кетіп, Қостанайға келген кезде, көпшілік оның жаңа серпін беретініне сенген. Алайда уақыт өте келе оның әрекеттері мен алаңдағы шешімдері кейде "Тобылдың” емес, басқа клубтың пайдасына жұмыс істегендей әсер қалдырған.
Қазір Асхат еркін агент. Бірақ оның "Астанаға" қайта оралуы екіталай. Оның қазіргі деңгейі елордалық ұжымның талабына сай емес дейді.
Соған қарамастан, сарапшылардың болжамынша, Асхаттың "шефі” оған өз ықпалындағы клубтардың бірінен орын табуға көмектесуі мүмкін. Мысалы, "Астанаға" байланысты "Ертіс" командасы – онда кезінде "Ордабасыда" бірге жұмыс істеген Саян Асанбаев бар. Дәл оның тұсында Шымкенттік клубтың көптеген ойыншылары "Астанаға” қарсы матчтар алдында түрлі себеппен алаңға шықпай қалған еді, олардың қатарында Тағыбергеннің өзі де болған, деп жазды телеграм арна.
Біздің серіктес: FONBET