Осы жақында қостанайлық «Тобылдың» жейдесін қайта киген Асхат Тағыбергеннің жаңа клубта алатын жалақысының көлемі белгілі болды.
Бұл туралы Vesti.kz мынадай мәлімдеме жасаған;
«Ситуациямен жақын таныс дереккөздердің айтуынша, 34-жастағы футболшы Қостанайда «Ордабасыдағы» жалақысынан әлдеқайда төмен, 2-3 есе аз айлық алады. Жалақысы айына 6-7 миллион теңгеден аспайды», - делінген порталдың материалында.
Айта кетсек, жартылай қорғаушы жуырда Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековпен байланысты жағдайдан кейін клуб ауыстыруға шешім қабылдаған. Нақтырақ айтсақ, шаһар басшысы футболшының шымкенттік клубта алып жүрген айлығына наразылығын білдіріп, батыл мәлімдеме жасаған еді. Ғ. Сыздықбековтің сөздері қоғамды біраз дүрліктіріп, арты Тағыбергеннің «Ордабасыдан» кетуімен аяқталды.
Асхат Тағыберген «Ордабасымен» келісімшартын үзіп, үшінші тур алдында «Тобыл» қатарын толықтырды. Қазақстан құрамасының капитаны 2017-жылы және 2021 мен 2022-жж аралығындағы маусымда қостанайлықтар жейдесінде өнер көрсеткен. Бұдан бөлек ол «Ақтөбе», «Астана» мен қызылорданың «Қайсарының» намысын қорғады.
Біздің серіктес: FONBET