Жарнама
Жарнама

Аслан Дарабаев: Аустрия стандарттарда әлсіз екен

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысты.

Жарнама
Жарнама

- Құрама командаға қайта келгеніме қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Командада өзгерістер бар екен. Жаңадан келген футболшылар бар. Жастар бар. Менің ойымша бұл өте дұрыс. Буын алмасу процесі заңды құбылыс. Ал менің мақсатым жастарға тәжірибиемді бөлісу. Мысалы осы жылдың басында менде команда болмады. Барлығын басынан бастап, футболға қайта келдім.

- Осы жаз айында Сізде команда болмады деп отырсыз. Сол кезде сіз негізгі уақытты қайда жұмсадыңыз?

- Мен уақытымның басым бөлігін өз жанұяма арнадым. Арасында достарыммен футбол ойнап, жеке дара жаттығулар өткіздім. Күніне 2-3 рет жаттығу залына барып жүрдім. Аптасына 3 рет футбол ойнап тұрдым. Сосын, жаз айында «Елімаймен» келісімге келіп, қайтадан футболға оралдым. Осы жағдайдың барлығы керісінше маған пайдасын берген секілді.

- Осыншама жасқа келіп футболда ары-бері ұшақпен ұшып, күніге 2-3 рет жаттығу жасаудан шаршамадыңыз ба?

- Футболшылар үшін бұл қалыпты жағдай. Ары-бері ұшып тұру, ойындарға дайындалу біздің негізгі міндетіміз. Сондықтан барлығын жақсы түсінемін. Әр бапкердің өзіндік мәнері бар. Черчесов мырза бізді ертерек жинап, алдағы мақсаттарды түсіндірді.

- Аустрия құрамасының ортасы мықты екен. Керісінше стандарт жағдайларын көп пайдаланбайды екен. Осыған байланысты не дейсіз?

- Бізге оңай болмайтынын біліп отырмыз. Қарсылас команда өте күшті ойнайды. Әсіресе прессингті күшті істейді. Әр ұжымның мықты әрі нашар тұстары болады. Аустрияның әлсіз тұсы – стандарт ситуациялары. Олар қорғаныс кезінде стандарттан көп қателеседі. Бізге құр беріліп ойнау аздық етеді. Салқынқандылықты сақтап, олардың қателігін пайдаланамыз. Мысалы, бір команда қай тұста мықты болса, сол жерден шатасып жатады. Егер олар ортада керемет ойнаса, демек ортадан қателер жібереді деген сөз. Соны барынша пайдалануымыз керек.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров