Жарнама
Жарнама

Аслан Дарабаев “Таразға” ауысатыны туралы қауесетке нүкте қойды

17.01.2026, 20:08

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев мансабын Бірінші лигада жалғастыру туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Sports24.kz сайтына берген сұхбатында ол жанкүйерлерді толғандырған сауалдарға жауап беріп, жоспарларымен бөлісті.

Соңғы уақытта БАҚ беттерінде тәжірибелі футболшының "Тараз” клубына ауысуы мүмкін екені айтылған болатын. Алайда Дарабаев бұл ақпаратты үзілді-кесілді жоққа шығарды:

"Қазіргі таңда барлығы келіссөз деңгейінде тұр. Бір айта кететіні — "Таразға” ауыспаймын және Бірінші лигада ойнау жоспарымда жоқ." — деді футболшы.

Сонымен қатар, Аслан Дарабаев Павлодарлық "Ертіс” клубына қайта оралуы мүмкін екені туралы да пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл мәселе әлі нақты шешілмеген, тараптар әлі де ортақ мәмілеге келу үстінде. Футболшы Премьер лига деңгейінде өнер көрсетуді көздеп отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров