Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев Qazaqstan телеарнасындағы «1001 түн» бағдарламасында командасының оң нәтижеге жетуіне ненің себеп болғанын, сондай-ақ үйдегі және сырт алаңдағы ойындардың айырмашылығын айтты, деп хабарлайды KazFootball.kz.
- Бұған дейін біздің команда қазіргідей ойнамайтын. Команданың мұндай нәтиже тіркеуіне не себеп болды?
- Ойында не өзгерді? Ерекше ештеңе жоқ. Біз тек жанкүйерлерді қуантқымыз келді. Жаңа бас бапкер бізді біріктірді, барлығын жақсы түсіндірді. Соның арқасында дайындығымыз керемет болды. Ойындар кестесі өте қиын болды: 10 күнде 4 матч өткізу кәсіби футболшы үшін өте қиын.
- Ойын соңындағы төбелеске бәрі алаңдады. Матч біткен соң словактармен қол алыстыңыздар ба?
- Барлығы мұның ойын екенін түсінеді, оның нәтижесі екі тарап үшін де маңызды болды. Ойыннан кейін ерекше ештеңе болмады, әдеттегідей бір-бірімізбен қол алыстық.
- Үйдегі және сырт алаңдағы ойынның айырмашылығы неде?
- Үлкен айырмашылық бар. Туған жер бізге күш береді. Сырттағы ойыннан елге оралғанда демалып, күш жинайсың.
- Көп адамдар футболшылардың не жейтініне қызығушылық танытады.
- Диета міндетті түрде ұстау қажет: тәттілерді аз жеп, көбірек демалу және 8-9 сағат ұйықтау керек. Отбасыңызбен көбірек уақыт өткізіп, психологиялық тұрғыдан демалуыңыз тиіс.
Біздің серіктес: FONBET