Қазақстан Премьер лигасының қысқы трансферлік кезеңінің кезекті ауысымы жасалды, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Жеңістің" көшбасшыларының бірі болған Аслан Әділ "Қызылжар" сапына қосылды.
Аслан Әділ үшін 2025 жылғы маусым айтарлықтай табысты болды. Елордалық "Жеңіс" сапында ол команданың негізгі қозғаушы күшіне айналды. Барлық турнирлерде 26 матчқа қатысып, 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген болатын.
27 жасар шабуылшы бұған дейін “Жетісу”, “Каспий”, “Атырау” клубтарында доп тепкен.
Ол жаңа клубында 11-ші номермен ойнамақ.
Біздің серіктес: FONBET