Жарнама
Жарнама

Аслан Рафкат - “Каспий” ойыншысы!

31 жастағы орталық қорғаушы мансабын Бірінші лигада жалғастырады

Жарнама
Жарнама

Соңғы рет ол Премьерде жүрген “Ұлытау” клубында өнер көрсетіп, 25 ойында алаңға шықты. 

Өз мансабында Рафкат “Бәйтерек”, “Атырау”, “Ақтөбе”, “Ертіс”, “Тобыл”, “Жетісу” ұжымдарында өнер көрсетті. Ішкі чемпионат ұжымдарының барлығын қосқанда, ол жоғары біріншілікте 120-ға жуық матч өткізді.

Ақтау командасы Асланға тансық емес. Орталық қорғаушы 2020/21 жылғы маусымда “Каспиде” 10 матч өткізіп үлгерген. Сол себептен, жаңа командасында айтарлықтай тәжірибесі бар.  

Айта кетейік, “Каспий” ұжымы Бірінші лиганың осы маусымында 14 ойын өткізіп, соның нәтижесінде 35 ұпаймен турнирде көш бастады. 

Аптаның басы басталғалы "Ұлытаудың" екінші ойыншысы Бірінші лига командасымен келісімге келгенін байқап отырмыз.

https://aladop.kz/post/zhetisai-shabuylshysyn-kaitaryp-aldy-50751/

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: