Қарағандылық "Шахтер" командасының жартылай қорғаушысы Асланбек Кәкімов "Ақтөбеге" қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
27 жастағы футболшы "Шахтердің" негізгі құрамына ене алмады және осы маусымда тек бес кездесуге қатысты.
Былтыр жартылай қорғаушы сегіз рет командаластарына көмектесіп, лиганың ең жақсы ассистенттерінің біріне айналды. Және төрт гол соғып үлгерген еді.
Какимовтың 2019 жылы "Ақтөбе" сапындағы сенімді ойыны Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабының назарын аударды.
"Ақтөбе" Асланбектің өз командасында бұрынғы формасына оралып, тағы да өз позициясындағы ең жақсы ойыншылардың біріне айналатынына сенімді.
Біздің серіктес: FONBET