27 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Асланбек Кәкімов "Екібастұз" футбол клубымен келісім-шартқа отырды. Футболшы жаңа клубта 7-нөмірмен өнер көрсететін болады.
Асланбек - Ақтөбе футболының тәрбиеленушісі. Мансабын "Ақтөбе" футбол клубының жастар құрамасында бастады, 2011-2012 жылдары Бірінші лигада, ал 2013-2014 жылдары - команданың екінші құрамында ойнап, 13 гол соқты. 2016 жылы ол "Ақтөбе" клубының негізгі құрамына қабылданды, ол онда төрт маусым өткізді. Премьер-лиганың 2019 жылғы маусымында Седневтің басшылығымен Асланбек өзінің мансабындағы ең жақсы маусымын өткізді. Сол жылы Кәкімов 33 ойында 4 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.
Кәкімов өткен маусымды қарағандының "Шахтерінде" өткізді. Премьер-лигада небәрі 5 матчқа қатысты.
Біздің серіктес: FONBET