Алайда КФЛ әлгі стадионды ойын өткізуге жарамсыз деп таныпты. Енді қайда доп тебетінін «Астана» клубының баспасөз хатшысы Асқар Хамединовтан сұрап білдік.
– «Астанаға» алаң табылады. Оған алаңдауға еш негіз жоқ. Тіпті сол Талғарда өнер көрсетіп қалуымыз да мүмкін. Жарыс өткізуге жауапты мамандарға не жақпағанын анықтап білеміз. Әйтпесе өзіміз көктемде доп тепкен алаң дайын тұр. Көкшетауды да қарап көрдік. «Ертіс» біріншіліктен шығып қалды. Демек, 1 шілде күні біз ешкіммен ойнамаймыз. 5 шілдеде Қостанайда «Тобылмен» кездесеміз. Одан кейінгі қарсылас – «Оқжетпес». Бұл матч 11 шілдеге белгіленген. Сол ойынға дейін алаң мәселесі шешіледі. Алтыншы турды Алматыда «Қайратқа» қарсы өткіземіз. 19 шілдеге дейін «Астана Арена» дайын болып қалатын шығар деген үміттеміз. Қазір барлық футболшылар дайындық үстінде. Баптарын жоғалта қоймаған шығар. Дегенмен ұзақ үзіліс командалық, комбинациялық ойынға әсер етеді. Бір-екі турдан кейін бәрі қалпына келуі тиіс.
Біздің серіктес: FONBET