Талдықорғанның "Жетісу" клубы Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынын аяқтады.
"жетісулықтардың" бас бапкері Асқар Қожабергенов жиын туралы қысқаша өз ойымен бөлісіп, "Петротрестке" қарсы өткен жолдастық кездесу туралы айтып өтті.
— Асқар Сейдахметұлы, кешегі жолдастық кездесуді кімге қарсы өткіздіңіздер?
— Леонид Ткаченко жаттықтыратын Ресейдің "Петротест" клубына қарсы ойнағанбыз. Бұл матчқа негізгі құрамның ойыншыларын шығарған жоқпыз. Нәтижесінде 0:2 есебімен жеңіліп қалдық. Дегенмен, қарсыластарымыз оңай шағылар жаңғақ емес-ті.
— Ал жиын қалай өтті?
— Бұл жиында ешкім еш клубқа жіберген жоқпыз. Футболшыларымыз түгел. Бірақ жаңа ойыншылар да ала алмадық Бізге қазір жақсы шабуылшы керек. Жалпы, жоспарды орындадық. Ауа-райы да жанға жайлы еді. Бір алаң толығымен біздің меншігімізде болды. Қысқасы, бәрі жақсы өтті.
—Жаңа ойыншылардан бапкерлер сынағында кімдер болды? Олардың қайсыларын келесі жиынға шақырмақсыздар?
— Литвалық шабуылшы Тадас Лабукастың шеберлігін тексеріп көрген едік. Сондай-ақ, Бразилиядан да шабуылшы келді. Бізде бүгінде құрамда төрт легионер болып тұр. Енді тағы бір шетелдік ойыншыны командаға алуға құқымыз бар. Голдарды шегеше қағатын шабуылшы қажет. Бұл мәселеге біз шындап кірісеміз. Қателесіп, қара басып қалғымыз келмейді.
Автор: Александр Пенно
sports.kz