Жарнама
Жарнама

Асқар Сатышев: «Гранада» клубы менің Еуропа футболына қалай бейімделетінімді көргісі келеді»

30.05.2022, 00:03
Футболшы Қазақстан жастар құрамасының алдағы ойындарына шақырту алды.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан жастар құрамасының 19 жастағы қорғаушысы Асқар Сатышев испаниялық «Гранада» командасына ауысқаны туралы ойымен бөлісті:

– «Оңтүстік академиясының» бұрынғы жаттықтырушысы «Гранаданың» спорт директорына хабарласып: «Міне, бізде қазақстандық бала бар, ол менімен бірге 5 жыл испан мектебінде оқыды», - деп ұсыныс жасаған екен. Ал «Гранада» бірден келісті. Олар мені бір апталық қаралымға шақырды. Шынымды айтсам, мен үшін бұл күтпеген жағдай болды.

Мен сонда бір апта бойы дайындалдым. Содан кейін олар менен тағы бір апта қалуымды сұрады. Әрине, қуана келістім. Осы екі аптадан кейін олар маған бұрынғы бапкерім арқылы келісім-шарт ұсынуға дайын екендіктерін жеткізді, бірақ тек осы маусымның соңына дейін. Олар алдымен менің Еуропа футболына қалай бейімделетінімді көргісі келеді. Әрине, қуана келістім. Маусым айының соңына дейін жарамды келісім-шартқа қол қойдым. Бәрі керемет. Барлығына алғыс айтқым келеді. Мен өте бақыттымын.

Әдеттегідей сол жақтағы орталық қорғаушы позициясында ойнап жүрмін. Оларға тек қорғаушы керек болған екен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров