Жарнама
Жарнама

«Астана -1964» ФК Қазақстан Кубогының 1/8 финалына өту үшін «Атырау» ФК-мен бақ таластыруда

13.04.2011, 23:47
Жарнама
Жарнама
Астанада «Автомобилист» спорт кешенінің алаңында футболдан Қазақстан Кубогының бірінші кезеңдік матчы өтіп жатыр. Алаңда «Астана-1964» және «Атырау» футбол клубтары өнер көрсетуде. Бұл екі клубтың 2002 жылдан бергі төртінші ойыны: командалар Қазақстан Кубогының аясында бұған дейін үш рет кездескен болатын. Оның екеуінде елордалық клуб жеңіске жетті. 2002 жылы бұрынғы «Жеңіс» ФК, қазіргі «Астана-1964» ФК өз алаңында Батыс Қазақстан облысының командасын 4:1 есебімен ойсырата жеңген болатын. 2005 жылғы ойында Астананың футболшылары атыраулықтарды тағы да 2:0 есебімен ұтты. Осы ойынның жеңімпазы Кубоктың 1/8 финалына салынатын жеребенің нәтижесі бойынша «ЦСКА» - «Тобыл» матчының жеңімпазымен кездесетін болады. Айта кетейік, «Астана-1964» ФК Қазақстан Кубогының үш мәрте иегері. Футболдан Қазақстан Кубогы 1992 жылдан бері ойналады.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров