Жарнама
Жарнама

«Астана» 20 жасар сербиялықпен толықты

08.02.2015, 01:35
Жарнама
Жарнама
Елордалық «Астана» сапына Сербия жастар құрамасының ойыншысы Неманья Максимович келіп қосылды. Бұл туралы ел чемпионының ресми сайты мәлімдеп отыр. Жас ойыншы келісім-шартқа сәйкес алдағы екі жарым жыл «Астананың» намысын қорғайды. 26 қаңтарда 20 жасқа толған жартылай қорғаушы бұған дейін Словенияда «Домжале» клубында ойнаған. Мансабындағы ең үлкен жетістігі – 2013 жылғы Еуропа чемпионатының (U-19) алтын жүлдесі.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров