Жарнама
Жарнама

«Астана» әлем чемпионы атанған қорғаушыны жалға алды

27.01.2022, 23:51
Елордалық клуб жас футболшыны сатып алу құқығына ие.
Жарнама
Жарнама

«Астана» 21 жастағы украиналық қорғаушы Даниил Бескоровайныйды жалға алды, деп хабарлайды елордалық клубтың баспасөз қызметі. 

Бескоровайный – Украина футболының түлегі. Өз елінде «Луцк», «Волынь» және «Ковель-Волынь» сынды бірқатар командаларда өнер көрсеткен.

Даниилдің соңғы командасы словакиялық «ДАК 1904» клубы болды. Бұл командада 62 ойын өткізіп, 4 гол салған. 2019 жылы Украина U20 құрамасымен жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. Сондай-ақ Украинаның халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып саналады. 

Айта кетейік, ойыншыны словакиялық ұжымнан жалға алу мерзімі сатып алу құқығымен маусым соңына дейін есептелген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров