Жарнама
Жарнама

«Астана» Әли Әлиевпен келісім-шартты бұзды

23.11.2021, 22:09
Келісім-шарт тек «Астана» клубының қалауымен, яғни біржақты бұзылған екен.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, елордалық клубтың басшылығы «Астана» жастар командасының бас бапкері Әли Әлиевті қызметінен босатты.

Қазақстандық жас маман клубтың жастарын осы жылы қабылдап, өте сапалы жұмыс атқарды. «Астана-Жастар» «Солтүстік-Шығыс» дивизионындағы ең нәтижелі команда болып, маусымды екінші орынмен аяқтады. Әлиевтің жетекшілігімен команда 22 матчта 72 гол соқты, ал жіберілген голдар саны бойынша (21) тек «Жеңіске» (16) жол беріп тұр. Әлиевтің басты жетістігі ретінде маусымның екінші бөлігінде негізгі командаға клуб тәрбиеленушілерінің көптеп тартылуын айтуға болады.

Осы көрсеткіштердің бәріне қарамастан, «Астана» басшылығы бапкерді қызметінен босатты. Бірақ қандай да бір себептермен елордалық клуб бұл туралы ресми ақпарат жарияламады. Бірақ, Әлиевті клубтың сайтындағы команда құрамынан шығарып тастаған екен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров