Елордалық «Астана» 26 жастағы бразилиялық шабуылшы Ривалдиньоға қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Digisport порталы.
Ривалдиньо - Бразилия ұлттық құрамасының және «Барселонаның» даңқты футболшысы, 1999 жылғы «Алтын доптың» иегері Ривалдоның ұлы.
Дереккөздің хабарлауынша, Ривалдиньо 2020 жылдың жазынан бері ойнап жүрген польшалық «Краковия» клубынан кеткісі келеді. Себебі бразилиялық шабуылшы негізгі құрамдағы орнынан айырылып қалды.
Осы айда шабуылшы «Астананың» ұсынысынан бас тартты. Футболшы мансабын АҚШ немесе Бразилияда жалғастыруды жөн көреді.
Ривалдиньо мансабында 161 матч өткізіп, 32 гол мен 7 нәтижелі пастың авторы атанған.
Біздің серіктес: FONBET