"Астана" Қазақстан Кубогінің екінші туры қарсаңында "Ақтөбені" қабылдады. Матч "Астана-Аренада" өтіп, 3:2 есебімен аяқталды.
Кездесудің 13-минутында Марир Томасов қақпаның жақыр бұрышын дәл көзжеп, есеп ашты. Бірінші тайм аящталар тұста Олег Чернышов таразы басын теңестірді. Ал 47-минутта Макс Эбонгтың айып алаңына асырған пасын Әділхан Таңжарықов өз қақпасына енгізіп алды. Елордалық клуб мұнымен тоқтамады. Ойынның 72-минутында Тигран Барсегян қақпашымен жеке-дара шығып, командасының үшінші голын соқты. Дегенмен, 80-минутта Юрий Логвиненко баспен гол соғып, есеп айырмасын бір голға дейін қысқартты.
Төртінші ұпайларын қоржынына салған Андрей Тихонов шәкірттері С тобында алғашқы орынға көтерілді. Бірде-бір ұпайы жоқ "Ақтөбе" ең соңғы орында қалды.
Біздің серіктес: FONBET