"Астана" мен "Ақтөбе" арасындағы тартысты матчты "Астана Аренада" 28 200 көрермен тамашалады — бұл Қазақстан Премьер лигасы тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.
Соңғы жылдары елдегі футбол мәдениеті айтарлықтай дамып келеді. Әсіресе, биылғы маусымда "Астана” мен "Ақтөбе" арасындағы бәсеке жоғары болды. Екі клубтың да үлкен жанкүйерлік базасы бар, ал олардың кездесуін көру үшін мыңдаған адам елордалық стадионға ағылды.
Матч алдындағы атмосфера ерекше болды — трибуналар түгелге жуық толып, көрермендер әнұранды бірге шырқады. Қолдау көрінісі Еуропалық деңгейдегі матчтарды еске салды.
Біздің серіктес: FONBET