Жарнама
Жарнама

“Астана-Аренаның” киесі ме, әлде жасанды көгал ма? – “Қайрат” “Брюггені” қалай тоқтатады?

Бүгін, 09:05

Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы, "Алтай" клубының капитаны Сергей Хижниченко Алматылық "Қайраттың" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алдағы матчына қатысты өз болжамын айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Сергей Хижниченко
Жарнама
Жарнама

Жетінші тур аясында “Cары-Қаралар" Бельгияның "Брюгге" клубын қабылдайды.

Елордалық стадионның артықшылығы

Хижниченконың пікірінше, "Астана-Аренаның” ерекше аурасы мен жасанды төсеніші Алматылық клуб үшін үлкен басымдық болмақ. Тәжірибелі футболшы Еуропалық ұжымдардың мұндай алаңға бейімделуі қиын екенін алға тартты.

"Астана-Аренаның" сиқыры мен оның жасанды көгалының ерекшелігі баршаға мәлім. Ұлттық құрама мен "Астана" клубының Еурокубоктардағы ойындарынан байқағанымыздай, қарсыластарға бұл алаңға үйренісу өте қиынға соғады.” — деді Хижниченко Sports24.kz сайтында.

Шабуылшы "Қайраттың” биылғы деңгейі кез келген ұжымға қарсы тұруға қауқарлы екенін атап өтті. Оның айтуынша, басты мәселе — дайындық сапасында.

"Қайрат" кез келген қарсыласпен иық тіресіп ойнай алатынын көрсетіп жүр. Командаға жанкүйерлерді қуантып, маңызды ұпайлар еншілеуін тілеймін.” — деп түйіндеді сөзін футболшы.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров