Жарнама
Жарнама

«Астана» Армения құрамасының қорғаушысымен толықты

19.01.2022, 23:41
Футболшы 2018 жылдан бері Қазақстан чемпионатында доп теуіп жүр.
Жарнама
Жарнама

«Астана» футбол клубы Армения құрамасының қорғаушысы Камо Оганесянмен келісім-шарт жасасты.

Камо Оганесян футболдағы мансабын өз отанында, дәлірек айтқанда Ереванда бастаған. Қорғаушы «Пюник» құрамында екі жүзден астам матч өткізіп, 33 гол соғып, 25 рет нәтижелі пас шығарған және 2 рет Армения чемпионы атанды. Ал 2017 жылы «Торпедо-БелАЗ» клубына өтіп, Белорусь чемпионатында өнер көрсетті.

Талдықорғандық «Жетісуға» 2018 жылы қосылған Камо өзін жақсы қырынан көрсетіп, 2020 жылы «Қайрат» ойыншысы атанады. Алматылық клубпен Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогін жеңіп алды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров