2021 жылы "Астанаға" жаңадан келген алғашқы ойыншы 28 жастағы "Тамбовтың" қорғаушысы Вараздат Ароян болмақ, деп хабарлайды Айдын Қожахмет өзінің телеграм-арнасында.
"Ароян - өте тәжірибелі футболшы, ол РПЛ-де "Урал" мен "Тамбов" үшін 60-тан астам матч өткізді. Вараздат Армения құрамасында 55 матч өткізген және өз құрамасының вице-капитаны. Орталық қорғаушы позициясында әрекет етеді.
Жаңадан келгендер туралы нақты мәліметтер бар, бұл клуб басшылығының біртіндеп дағдарыстан шығу жолдарын іздеп жатқанын білдіреді. Қалай болғанда да, мен оған сенгім келеді", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Армения құрамасының қорғаушысына "Тараз" клубының жаңа бас бапкері Вардан Минасян қызығушылық танытқан еді.
Біздің серіктес: FONBET