Жарнама
Жарнама

"Астана"-"Атлетико Мадрид". Матч алдында

03.11.2015, 06:24
Жарнама
Жарнама
Астанада Чемпиондар Лигасы өз жалғасын таппақ. Топтық кезеңнің 4-ші турында елордалықтар Еуропадағы азулы командалардың бірі "Атлетиконы" қабылдайды. Екі апта бұрын "Висенте Кальдерон" стадионында өткен матчта белгілі себептермен негізі құрамда ойнай алмаған Станимир Стойлов шәкірттеріне испандықтарға команданың нағыз күшін көрсетердей мүмкіндік туып тұр. Өз жеріміз, өз алаңымыз, өз жанкүйерлеріміз.  Мадридтегі кездесудің ірі есеппен қонақтар пайдасына аяқталғаны жанкүйерлер есіңде. Сол ойыннан кейін, әрине, бас бапкерді сынға алу еріккеннің ермегіне айналды. Бірақ, шыны керек жерлестеріміз ол матчқа негізгі құраммен шықса да, оң нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі аз-тұғын. "Атлетикомен" қонақта терезі тең ойнау, Чемпиондар Лигасының дебютанты "Астана" түгіл, "кәрі құрлықтың" көкжал клубтарының да қолынан келе бермейтін іс. Бұл-бір. Екіншіден Стойлов ол жағдайдан жеңімпаз болып шықты. "Астана" үш күннен кейін Алматыда "Қайратты" жеңді, одан кейін "Атыраудан" айла асырып, нәтижесінде бірінші орынды иемденді. Қатарынан екінші мәрте ел чемпионы атану үшін "Ақтөбеге" қарсы өз алаңында сүрінбесе болғаны. Батыстықтардың чемпионат аяғында мотивация жоғалтқандығын өткен демалыста "Қайрат" анық көрсетіп берді. Сондықтан, жеңімпазды жазғырып жату жарамас. Диего Симоне екі апта бұрын, "Стойлов жолын қайталамаймын" деп айтқанындай, сөзіңде тұрып, елордаға бар мықтысын ертіп келді. Әрине, оны демалыс күндері алтынға талас үшін болатын ойын күтіп тұрған жоқ. Дегенмен, "маусым басынан бері үздіксіз алаңға шығып жүрген бірнеше футболшыларға демалыс береді" деп испан басылымдары жарыса жариялауда. Әйткенмен, Симоненің қосалқы құрамдағы жігіттері де "сен тұр, мен атайын" "Атлетико" "Астанаға" қарсы өз алаңындағы ойыннан кейін Ла Лигада екі кездесу өтті. Бірінде жеңді, бірінде тең түсті. "Валенсияға" қарсы ойындағы оң нәтижені атап өткен жөн. "Матрасниктер" ойынды сылбыр бастаса да, бар-жоғы он минуттың ішінде жеңіс әкелген қос голды тоғытып тастады. Ойынның басынан аяғына шейін жағдайды өз бағамдарында ұстады. Есепте алға шығып алғаннан кейінгі күндегі әдеті. Алғаш гол соқты ма, қарсыласқа тізгінді оңайшылықпен ұстата қоймайды. Стойлов мырзаның бүгін осыны ескеретіні түсінікті. "Астана" болса, басында айтылғандай Мадридке қонаққа барғаннан кейін, Қайратты, Атырауды және Ертісті жеңді. Стойловтың сөзіңе сенсек, бүгін команда алаңға негізгі құраммен шығады. "Атлетикоға" қарсы матч біткен соң да, ел чемпионатының ойынына дейін бес күн бар. Футболшылардың тынығуына бұл аз уақыт емес. Оған қоса, "Ақтөбеге" қарсы өз алаңында ойнайды. Сондықтан, Каньяс, Жолшиев, Нөсербаев секілді команданы өрге сүйреп жүрген жігіттерді алға минуттардан алаңға шығаруы тиіс. Онымен қоса, жетекші футболшылардың бәрі де өз бабыңда. Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде "Атлетико" "Бенфикамен" көшті бастап тұр. Екеуіңде де алты ұпайдан. "Галатасарай" төрт ұпаймен Еуропа Лигасына жолдама беретін орынды иемденіп тұрса, біздің команда соңғы орында. Еншімізде, түріктерден тартып алған бір ұпайымыз бар. Егер, ертең есе жіберіп жатсақ, Еуропа Лигасына шығуға да мүмкіндігіміз азаймақ. Дегенмен, жанкүйерлердің басты тілегі Испан Премьерасын "Барса" және "Реалдан" кейінгі алып ұжым саналатын "Атлетикоға" қарсы жүйелі ойын өрнегін көрсету. Нәтиже талап етпестен бұрын, қарсыласымыздың кім екенін де ұмытпағанымыз жөн. Уефа ұсынған қос команданың болжамды құрамдары: "Астана": Эрич; Илич, Аничич, Постников, Шомко; Максимович, Каньяс, Жуков, Кетевоама; Жолшиев; Нөсербаев; "Атлетико": Облак; Гамес, Савич, Годин, Сикейра; Ньигес, Габи, Коке, Карраско; Гризманн, Торрес.     Фараби Әбдіхалық      
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров