Жарнама
Жарнама

«Астана» «Атырауда» жүрген футболшысын қайтарып алмақ

04.11.2021, 15:50
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, жартылай қорғаушы Жасұлан Қайыркенов келесі маусымды «Астана» сапында өткізеді.

Елордалық клубтың басшылығы 21 жастағы футболшыға мүмкіндік беруді жоспарлап отыр. Трансферлік тыйымға байланысты «Астана» алдағы үш трансферлік терезеде жаңа ойыншыларды қатарға қоса алмайды. Сондықтан елордалық клуб келісім-шарттары бар ойыншыларға, сондай-ақ жастарға арқа сүйейтін болады.

Бұл маусымда Қайыркенов «Атырау» сапында жалдау шарты бойынша ойнады. «Мұнайшылар» үшін чемпионатта 19 ойын өткізіп, бір гол соқты, екі нәтижелі пас берді. Ал Қазақстан кубогі аясында 4 кездесуге қатысты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров