Жарнама
Жарнама

«Астана» бапкері орайсыз экспериментке барған ба? Елордалықтардың ендігі мүмкіндігі қандай? Білікті маман Григорий Бабаянның командасын «құртқан» басты себепті айтты

08.08.2025, 15:19

«Аладоп.кз» танымал маман Асқар Қожабергеновтің КЛ 3-іріктеу кезеңіндегі «Лозанна» - «Астана» арасындағы ойын жайлы пікірін білді.

"Лозанна" - "Астана" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Бапкер сұқбат барысында елордалық клубтың схемасы мен шешуші маңызға ие болған факторларға тоқталған болатын.  

- Асқар Сейдахметұлы, елордалықтардың негізгі құрамы сізді де таңқалдырған болар, Григорий Бабаянның эксперименті орынсыз көрінген жоқ па? Матч нәтижесі жайындағы ойыңыз?

- «Меніңше, «Астананың» кеше үш орталық қорғаушымен шығып, бір шабуылшыны алып тасап, тек екеуімен ойнағандары дұрыс болды. Камара мен Томасовқа сенім артты. Григорий Бабаян мүмкін «Лозаннаның» күшін біліп, осындай схеманы таңдаған шығар. Бірақ, «Астананың» мұндай схемамен ойнағаны менің есімде жоқ екен. Бұл ойында шешуші маңызға ие болған – біздің қорғаушылардың қателіктері. Бірінші гол кіргенде қорғаушылар мен жартылай қорғаушылар қарсыласқа емін-еркін соққы бағыттауға кеңістік беріп қойды. Екінші гол тіптен ақылға сыймайын қателіктің кесірінен болды. Ол Бартолец пен Кажуколовастың мойнында. Бартолец дұрыс пас бере алған жоқ, ал Кажуколовас жоқ жерден өрескел қателікке бой алдырды.

- Жалпы, елордалықтардың ендігі мүмкіндігін қалай бағалайсыз?

- Матч соңындағы гол бізге кәдімгідей сенім береді. Өйткені, 3 голдың қарымтасын қайтару қиындау болар еді. Былтыр «Астана» «Лозаннадан» да мықты норвегияның «Бранн» командасынан 2 гол есесін қайтара алған еді ғой. Сондықтан, бұл жұпта әлі ештеңе де шешілген жоқ. «Астана» өз алаңында, жасанды төсеніште әрі жанкүйерлерінің алдында тиімді нәтижеге жете алады. Біз соған сенеміз.   

- Әңгімеңізге рахмет!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров