Жарнама
Жарнама

«Астана» бас бапкердің рұқсатынсыз қазақстандық қорғаушыны қатарға қосты

27.12.2021, 14:56
Осының салдарынан бас бапкер мен басшылық арасында жанжал туындауы мүмкін.
Жарнама
Жарнама

«Тараз» клубының 31 жастағы қорғаушысы Елдос Ахметов «Астанамен» келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды СпортРадар.kz телеграм арнасы. 

Дереккөздің мәліметіне сенсек, Елдосты «Астанаға» бұрынғы жақсы досы әрі жерлесі Нұркен Мазбаев шақырған. Ал клубтың бас бапкері Срджан Благоевич бұл туралы мүлдем білмеген. Ашуға булыққан сербиялық маман «Астана» басшылығына селекция мен жаттығу жұмыстарын да өздерің жүргізе беріңдер деп айтқан көрінеді.

Естеріңізде болса, Қазақстан құрамасының тәжірибелі қорғаушысы 2021 жылғы маусымды «Таразда» өткізген болатын, бірақ көптеген әріптестері сияқты қаржылық тұрақсыздыққа байланысты командамен келісім-шартты ұзартпады. 

Ахметов өткен маусымда «Тараз» жейдесінде бас-аяғы 26 кездесу өткізіп, бір гол соқты. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров