Жарнама
Жарнама

"Астана" Белградта ірі есеппен ұтылды

13.12.2019, 13:39
Жарнама
Жарнама

"Партизан" - "Астана" 4:1.
Гол авторлары: С. Сума, 4 мин, О. Садик, 22 мин, 76 мин (дубль), Т. Асано, 26 мин, - Д. Ротариу 79 мин.

"Астана" Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында L тобындағы соңғы кездесуін түзде "Партизанға" қарсы өткізіп, ұтылып қалды.
Алаң иелері 4-минутта есеп ашты. Гол авторы гвинеялық жартылай қорғаушы Сейдума Сума. Белград ұжымы шабуылды тоқтатқан жоқ. Нәтижесінде 22-минутта Омар Садик пен 26-минутта Такума Асаноның дәл соөқыларынан соң есепті 3:0-ге жеткізді.
Ойынның екінші бөлігінде "Астана" футболшылары шабуылда ширақ қимылдай бастады.
Дегенмен 76-минутта Омар Садиктің дубль жасады. Елордалық футболшылары 79- минутта бір голмен жауап қатты. Нәтижелі соққы авторы Дорин Ротариу.

"Астана" L тобында 3 ұпаймен соңғы орында қалса, "Партизан" 8 ұпаймен үшінші сатыда. Ал "МЮ" мен "АЗ Алкмар" плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров