Жарнама
Жарнама

«Астана» Белоруссияға бара ма?

12.08.2020, 21:46
Ойын 18 тамызға жоспарланған.
Жарнама
Жарнама

«Астана» футболшылары Белоруссиядағы тәртіпсіздіктерге қарамастан, Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі "Динамоға" қарсы кездесу үшін Брестке ұшуға дайын.

«Ертең, 13 тамызда, бүкіл команда ПТР сынақтарынан өтіп, кетуге дайындалып жатыр. Біз матч өтетін орынды ауыстыруын сұрай алмаймыз - бұған УЕФА жауапты. Ойынды ауыстырмаған себебі - Белоруссия басшылығы қауіпсіздікті өз мойнымызға аламыз деп УЕФА-ны сендірген екен», - деді елордалық клубтың баспасөз қызметі

Команда УЕФА ережелеріне сәйкес, ойынға кетерден екі күн бұрын міндетті түрде ПТР тестілеуден өтуі керек. Барғаннан кейін қайта тестілеуден өтуі мүмкін - бұл қабылдаушы елдің заңнамасына байланысты. Бірақ Белоруссия мұндай талаптар қоймайды.

«Динамо» - «Астана» матчы 18-19 тамызға қараған түні өтеді және Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де басталады. Жеңімпаз бір матчтың нәтижесінде анықталады. Тең ойын болған жағдайда қосымша уақыт немесе пенальти сериясы болады.

Қазіргі кезде Брестте наразылық акциялары өтуде. Бірнеше күн бойы азаматтар тәртіп сақшыларымен жаппай қақтығысуда. Көптеген көшелер жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров