28 жастағы голландиялық вингер Элвис Ману «Астанаға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Ghana Soccernet порталы.
«28 жастағы ойыншы кезінде УЕФА Чемпиондар лигасына қатысқан елордалық командаға еркін агент ретінде ауысады, бірақ жоғары жалақы алатын болады.
Футболшы осы айдың басында болгариялық «Лудогорецтен» кету туралы шешім қабылдады. Ману жаңа клуб іздеп жатыр, ал «Астана» нидерландылық футболшыны келесі аптада қатарға қосқысы келеді.
Элвис Ману мен «Астана» арасындағы келіссөздер аяқталуға жақын», - деп жазады дереккөз.
Айта кетейік, Ману мансабын «Фейеноордта» бастаған. Нидерландының атақты клубында ойнап жүріп, «Эксельсиор» және «Камбюр» командаларына жалға берілді.
2015 жылы ол «Брайтонға» ауысты. Англиялық клуб сапында 14 матч өткізіп, 2 гол соққан. Одан бөлек, «Хаддерсфилдте» де өнер көрсетті.
Кейінірек түркиялық «Генчлербирлиги» мен «Ахисарспор», сондай-ақ қытайлық «Бэйцзин Женьхе» командаларының намысын қорғады.
Біздің серіктес: FONBET