Жарнама
Жарнама

«Астана» бразилиялық футболшыны қатарға қосуы мүмкін

30.12.2021, 01:51
Футболшы өткен маусымда өз командасының көшбасшысы бола білді.
Жарнама
Жарнама

Бразилиялық жартылай қорғаушы Брайан Гарсия «Астана» ойыншысы атануы мүмкін, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

29 жастағы жартылай қорғаушы 2021 жылғы маусымда «Атырау» сапында өнер көрсетті. Тәжірибелі бразилиялық ойыншы өз командасының көшбасшысы бола білді. Жалпы 25 матчқа қатысып, 5 гол мен 4 нәтижелі пастың авторы атанды. Маусым соңында ойыншы ҚКФЛ нұсқасы бойынша 2021 жылғы маусымның символикалық құрамына енді.

Бұған дейін Брайан еркін агент атанғанын және қазақстандық клубтардан ұсыныстар бар екенін айтқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров