Goalkz.kz сайтына белгілі болғандай, "Астана" "Осиек" клубының бразилиялық қорғаушысы Талис Оливейрамен келіссөздер жүргізуде.
22 жастағы Оливейра сол қапталда ойнайды. Ол Дмитрий Шомконың орнын басатын ойыншы ретінде қарастырылуда. Қазір елордалық клуб сапында бұл позицияда ойнайтын Сағи Совет қана бар. Талис хорватиялық "Осиек" сапында 56 матч өткізіп, 1 гол соқты, 6 нәтижелі пас берді.
"Астана" футболшыны сатып алу құқығын қоса отырып, жалға алмақшы.
Біздің серіктес: FONBET