Конференция лигасының топтық кезеңінде Елорданың «Астана» футбол клубы Алматының Орталық стадионында ағылшындық «Челси» командасымен кездеседі. Қазақ жанкүйерлері асыға күтіп жүрген матч 12-ші желтоқсанда өтеді.
Ағылшын Премьер-лигасының топ клубын көзбен көру үшін қазірден еліміздің түкпір-түкпірінен билет іздеп жатқан жанкүйерлер бар. Қыстың ызғарлы аязына қарамастан Орталық стадионда ине шаншар орын болмайтыны осы кезден белгілі. Астана-Челси ойынына ең арзан билет 1500 теңгеден басталады. Ал ең қымбат билет 200 мың теңгеге бағаланып отыр. Ол қандай «ВИП» орындар екені әзірге айтылып жатқан жоқ. Ең қызығы, Алматыдағы ойынға «Челси» қандай құрам жіберетіні де белгісіз. 200 мың теңгеге билет алып, ағылшындық команданың адам танымайтын үшінші құрамын көрсең өкінішті ғой.
Біздің серіктес: FONBET