Жарнама
Жарнама

«Астана» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жақындады

19.08.2015, 21:49
Жарнама
Жарнама
«Астана» футбол клубы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне бір табан жақындады. Кипрдің «Апоэл» командасын минималдық есеппен ұтқан Станимир Стойлов шәкірттері қарымта ойынға әзірлікті бастап кетті. Сейсенбілік матчта Бауыржан Жолшиевтың соққан жалғыз голынан кейін Елордалық топ Еуропаның рейтингінде 222-ші сатыны сақтап қалды. Жалпы ұпайлар 6100-ге жетіп отыр. Аталған ойында жанкүйерлер санынан да рекорд орнатылды. «Астана Аренаға» 30 мың адам келген. Бұған дейін Елордадағы стадионға «Шахтер» мен «Селтиктың» кездесуін көру үшін 29950 жанкүйер жиналған еді.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров