Елордалық «Астана» черногориялық футболшы Жарко Томашевичтен бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Қорғаушы жалақысын 50 пайызға дейін қысқартуға дайын болған, бірақ елордалық клуб оның орнына басқа ойыншы іздеуде.
Черногория құрамасының футболшысы «Астанаға» 2019 жылы қосылды. Содан бері 46 ойынға қатысып, 4 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды. Елордалық клубпен бірге Қазақстан чемпионы атанды және ел біріншілігінің күміс, қола жүлделеріне ие болды.
Біздің серіктес: FONBET