Alsport.kz хабарлағандай, елордалық клуб «Ягеллонияның» анголалық шабуылшысы Афимико Пюлюлюге қызығушылық танытып отыр.
Африкалық биыл польшалық клуб сапында барлық турнирлердегі 29 ойында 12 рет мергендік танытқан. Жалпы, Польша біріншілігіндегі бір жарым жылда өткізген 63 матчта 23 доп соқты.
Пюлюлюдің сондай-ақ Конференциялар лигасының үздік сұрмергендерінің бірі екенін де қоса кету керек: бұл тізімде «Челсидің» страйкері Марк Гиюмен бірге 6 гол салып, «Ягеллонияның» плей-офф кезеңіне шығуына үлкен үлесін қосты.
«Астанадан» бөлек Пюлюлюге киевтің «Динамосы», варшавалық «Легия» мен Англия, Италия және Бельгияның командалары да қызығушылық танытуда. Футболшы мен польшалық ұжымның келісімшарты келесі жылға дейін жарамды.
Біздің серіктес: FONBET