Жарнама
Жарнама

«АСТАНА» ЕКІ ҮЗДІК ФУТБОЛШЫСЫН ҚПЛ-ДЫҢ ТӨМЕНГІ КЛУБТАРЫНА САТПАҚ

16.01.2019, 22:21
Жарнама
Жарнама
Елордалық «Астана» екі бірдей үздік футболшысымен қоштаспақ. Қорғаушы Юрий Логвиненко мен шабуылшы Роман Муртазаев кәсіби мансабын басқа командаларда жалғастырмақ. Бұл туралы белгілі ресейлік агент Рустам Раджабов отандық vesti.kz сайтына берген сұхбатында айтыпты. «Трансферлер туралы айтар болсақ, жақын арада «Қайрат» құрамы оңтүстік кореялық футболшымен толығуы мүмкін. Сондай-ақ Яннис Каргас есімді грек футболшысы да алматылық клуб сапында қаралымда жүр. Ал «Астана» екі ойыншысын сатуы мүмкін. Юрий Логвиненко «Ақтөбеге» қайтып оралса, «Ордабасы» Роман Муртазаевқа қызығып отыр» дейді Раджабов. Еске сала кетсек, қорғаушы Юрий Логвиненко «Ақтөбе» сапынан 2016 жылы «Астанаға» ауысып келген еді. Елордалық команда қатарында 70 матчқа қатысып, 7 рет мергендігімен көзге түсті. «Астанамен» үш рет Қазақстан чемпионатын жеңіп, Қазақстан кубогы мен Суперкубогын да иеленді. Еурокубоктық додаларда алаңға шығып, шеберлігін паш етті. Ал ұлттық құрама сапында 2008 жылдан бері ойнайды. Сол уақыттан бері 49 рет алаңға шығып, 5 мәрте гол соққан. Футболшы биыл жарақатына байланысты жасыл алаңға көп шыға алған жоқ. Осы жағдай оның трансферіне себеп болуы мүмкін. Роман Муртазаев «Астана» қатарына 2017 жылы қосылған. Сол уақыттан бері 60 матчта 14 дәл соққысымен көзге түсті. Ұлттық құрама жейдесімен 18 рет алаңға шығып, 3 мәрте қарсыластар қақпасынан саңылау тапқан.

Абай Аймағамбет

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров