Жарнама
Жарнама

«Астана» екінші жолдастық кездесуінде жеңіліске ұшырады

18.02.2021, 04:07
Бұл ойынға негізгі ойыншылар қатысты.
Жарнама
Жарнама

"Астана" Түркиядағы ОЖЖ аясында ресейлік "Торпедо" клубына есе жіберді (1:2). Елордалық клубтың жалғыз голын 86 минутта босниялық шабуылшы Семир Смайлагич соқты.

"Астананың" негізгі құрамы: Непогодов (қ) - Ароян, Томашевич, Совет, Рукавина - Сағнаев, Эбонг, Бейсебеков (к) - Томасов, Барсегян, Смайлагич.

Естеріңізге сала кетейік, "Астана" бүгін екі жолдастық матч өткізді. Тихонов шәкірттері алғашқы ойында "Балтика" клубымен тең түскен еді. Ол кезде команда қосалқы құрам ойыншыларына мүмкіндік берген болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров