Жарнама
Жарнама

«Астана» Энео Битридің соңғы минутта соққан голының арқасында жеңілістен аман қалды

06.08.2021, 05:05
Энео Битри өзі жіберген қателікті өзі түзеді.
Жарнама
Жарнама

Елордалық «Астана» Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында финляндиялық КуПС командасымен тең ойнады. 

Қос команда ойынның алғашқы жартысында гол соға алмады. Ал 54-минутта Аньекпено Удо "Астана" қақпашысы Дмитрий Непогодов пен Энео Битридің қателігін өз пайдасына жаратып, есеп ашты. Бірақ 94-минутта албаниялық қорғаушы өз қателігін түзеді. Ол қарсылас ойыншыдан кері серпілген допты қақпаның оң жақ бұрышына дәл бағыттады. Осылайша, ол қатарынан екінші матчта ең соңғы минутта гол соғып, командасын жеңілістен аман сақтап қалды.

Қарымта матч 12 тамыз күні "Астана Аренада" өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров