Жарнама
Жарнама

«Астана» еурокубоктағы екінші матчын Қостанайда өткізеді

16.08.2020, 17:21
18 тамызда Қазақстан Премьер-лигасы да басталады.
Жарнама
Жарнама

Елордалық «Астана» еуропалық жарыстың екінші іріктеу кезеңіндегі үй матчын қайда өткізетіні туралы жариялады.

Айта кетейік, Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Астана» Алматыдағы "Орталық" стадионында ойнаймыз деп шешім қабылдаған еді. Бірақ жеребе тастау нәтижесі бойынша бірінші турдағы матч сырт алаңда ойналады.

Белгілі болғандай, "Астана" Чемпиондар Лигасының (немесе Еуропа Лигасы) екінші іріктеу кезеңіндегі матчын Қостанайдағы "Орталық" стадионында өткіземіз деп жариялады, өйткені «Қайрат» клубы "Астанаға" екінші кезеңде өз алаңында ойнауға мүмкіндік бермеді.

Естеріңізге сала кетейік, 18 тамызда «Астана» Чемпиондар лигасында «Динамо Брестпен» кездесетін болады. Жеңімпаз Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне, ал жеңілген команда Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров