"Милсамиге" қарсы Конференция Лигасының өткен кездесуі елордалық “Астана” үшін Еурокубоктегі 100 болып саналды, деп жазады Kazfootballkz.
“Астана” Еурокубоктегі дебюттық кездесуін 2013 жылы болгариялық Ботевке қарсы өткізді. Содан бері 11 жылда “сары-көктер” шетелдік ұжымдармен 100 кездесуде бақ сынасты. Барлық қазақстандық командалар еурокубоктерде жалпы алғанда 360 ойын өткізген екен.
Еурокубокте көп ойын өткізген қазақстандық командалар:
1. “Астана” - 100 матч;
2. “Қайрат” - 54;
3-4. “Ақтөбе” - 52;
3-4. “Тобыл” - 52;
5. “Шахтер” - 36;
6. “Ордабасы” - 21;
7. “Ертіс” - 18.
“Астана” командасының еурокубоктегі ең үздік нәтижесі 2017/18 жылғы маусымда тіркелді. Онда Станимир Стойлов жігіттері Еуропа Лигасының топтық кезеңінде топ жарып, 1/16 финалға жолдама алды. Елордалық ұжым өз тарихында сол сәтте ғана осындай көрсеткішке қол жеткізді.
Біздің серіктес: FONBET